16
ноябрь
2023
Балабақша туралы мәлімет
Балабақша туралы мәлімет
Алматы қаласы Алмалы ауданы №18 «Ертөстік» бөбекжай-балалар бақшасы 1986 жылы ашылған.
Мекен жайы Қарасай батыр көшесі 82.
Балабақшада 250 бала тәрбиеленуде.
Балабақшада 10 топ бар.
Мектепке дейінгі ұжым қарастырылған жобалық қуаттылыққа сәйкес жұмыс істейді. Балалармен жұмыс ұйымдастырылуға арналған барлық бөлмелер қамтылған. Балабақшада 18 педагог және психолог, логопед, дене шынықтыру нұсқаушысы, ағылшын, робототехника маманы жұмыс істейді.
Балабақшаны ҚР оқу ісінің үздігі, отыз жыл бойы мектепке дейінгі ұйымда басшылық етіп келе жатқан білікті басшы, іскер ана, аяулы да абзал жан Тұрғымбаева Ельмира Сейтжанқызы басшылық жасап келеді.
Балабақша тәрбиешілері инновациялық технологиялармен оқытудың техникалық құрылымдарын қолданады, мысалы “Сиқырлы қалам” әдістемелік кешені бойынша интерактивті тақтамен жұмыс жасайды.
Жалпыға міндетті бағдарламалары бойынша оқытудың 5 дағдысы қамтылған: "Физикалық дамыту", "Коммуникативтік дағдыларды дамыту", "Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту", "Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту", "Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру" бойынша жоспарлы жүйеде ұйымдастырылған ойын іс-әрекеттері жүргізіледі.
Балабақшада білім беру бағдарламалары, жылдық жоспар, мектепке дейінгі даму концепциясы, оқу әдістемелік құжаттары бар.